Қазақстан халқына арналатын жыл сайынғы Жолдаулар – біздің қоғам үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды және елеулі оқиға.1997 жылдан бастап саяси практикаға енген «Елдегі жағдай және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын жолдау жариялау» тек мемлекет басшысының дәргейіндегі іс болып табылады.
Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі кітапхана фойесінде назарларыңызға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған «Президент Жолдауы: өзгерістер мен нәтижелер» көрме-ақпаратын ұсынады. Жолдау еліміздің әрбір азаматының мүдделерін қозғайды. Жолдауда көрсетілген мәселелер халықтың өмірін жақсартуға, қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы оның белсенділігін арттыруға бағытталған.