Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы»
11.01.2023

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік және келісім қаласы» кітап көрмесін ұсынады.

Қазақстанның жүрегі – бас қаламыз Астана бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін еліміздің визиттік карточкасына, елдің беделін білдірер белгісіне айналды. Көрмеден Н. Назарбаев «Сердце Евразии», Н. Назарбаев «Мәңгілік ел: ғасырға бергісіз жылдар», З. Қабылдинов «Астана тарихы», Б. Резванцев «Сердцевина Евразии», «Астана. Фотоальбом», «Астана. История столицы и края, В. Петраков «Астана – начало Евразии» кітаптарымен танысуға болады. Бұл кітаптар астананың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы туралы баяндайды, көптеген мұрағаттық және жазбаша материалдар, фольклорлық дереккөздер, тарихи ескерткіштер пайдаланылды, елордамызды қоршап тұрған табиғаттың бірегей ресурстық мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.

Көрмеде ұсынылған QR-кодтар «Астана – әлем қаласы» деректі бейнеролигін, қаланың құрылу тарихы жайындағы «Нұр-Сұлтан. Елорданың тарихы» көркем фильмін қарауға мүмкіндік береді.

2023 жылдың 04.01. бастап жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ