Әдеби қонақжайда ақын және актер Владимир Семенович Высоцкийдің туғанына 85 жыл толуына арналған «Место встречи изменить нельзя…» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Владимир Высоцкий – кеңес мәдениеті тарихындағы аңызға айналған тұлға, оның кітаптары мен әндері әлі күнге дейін танымал. Алайда іс-шарада Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері Владимир Семеновичтің актерлік жұмыстарына ерекше назар аударды. Кешті қостанайлық орындаушы Дмитрий Говорков Высоцкийдің бірнеше композициясымен ашты. Әрі қарай жүргізушілер ақын әрі актердің өмір жолы мен шығармашылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ іс-шарада орыс драма театрының актері Сергей Щербининнің орындауында Гамлеттің атақты «Быть или не быть?» монологы тыңдалды. Талғат Мұхамеджанов көрермендерді тақырыптан тыс музыкалық тартуымен қуантты. Іс-шараға Владимир Высоцкийге арналған викторинаның сұрақтарына құлшына жауап берген студенттер қатысты.