27 қаңтарда кітапхана қабырғасында қазақстандық көп тілді қоғамда қазақ тілін дәріптеуге арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мәселелеріне арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесімен сүйемелденді. Көрмеде ұсынылған ақпарат болашақ ұрпаққа қазақ тілі әліпбиінің латын қарпіне көшуінің артықшылықтарын, оның сырт елмен қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, халықаралық тілдерді үйренуді жеңілдетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.