Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарыңызға «Президенттің Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыты» бейнешолуын ұсынады. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы – бұл Президенттің 2022 жылы Қазақстан халқына арнаған маңызды саяси құжат. Онда Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты басым бағыттары баяндалған. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – мемлекетті дамытудың нақты бағдарламасы, тұрақтылық пен өркендеудің кепілі.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=mSRrnhM3gT0