15 ақпанда Әмбебап оқу залы инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөніндегі «Includo» жобасы аясында «Инклюзив: қолдаушылар мен қарсылар» атты пікірталас өткізді.
Инклюзив – бұл физикалық дамуында қиындықтары бар, соның ішінде мүгедектігі немесе психикалық ерекшеліктері бар адамдарды қоғамның белсенді өміріне нақты қосу үдерісі.
Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ психология кафедрасының профессоры, «Мүгедек студенттер үшін қолжетімді білім беру» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л. В. Саркисян, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қ. психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологы Г. А. Нарымбаева, «Мүгедектер спорт клубының» директоры А. С. Уәлиев, спорт шебері, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан чемпионы А. Грачева, «Мүгедектер спорт клубының» шаңғы жарысы бойынша бапкері Е. К. Ормантаев қатысты. Қонақтар еліміздің оқу орындарындағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері мен келешегі туралы, инклюзивті спорт пен мүгедектердің жаттығуларға еркін қатыса алатындығы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мәселелері туралы айтып берді.