Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы!»
23.02.2023

Әмбебап оқу залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында безендірілген «Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы!» көрме-толғанысы жұмысын жалғастыруда.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына әсер етеді. Осы құбылыстан туындаған жағымсыз салдарлар қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіреді және мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қауіп төндіреді.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстарды, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын көрсетеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға жәрдемдеседі. 

Көрме ағымдағы жыл бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ