24 ақпанда құрушысы және жетекшісі А. И. Никифоров атындағы балалар көркемсурет мектебінің түлегі, педагог, суретші Юлия Богер болып табылатын балалар сурет студиясы оқушыларының жұмыстары көрмесінің ашылуы болды. «Мгновения» көрмесі түрлі техникадағы: майлы бояу, гуашь, акрил, планшеттік жұмыс түріндегі 30-дан астам жұмыстарды ұсынған студияға қатысушылардың алғашқы көрмесі болды. Студия оқушыларының басты ерекшелігі олардың зор ынтамен және сүйіспеншілікпен білім алуы, бимен және ән айтумен айналыса жүріп шығармашылық шеберліктерін жетілдіруге деген ұмтылысы болып табылады.