Көктемнің қуанышты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні жақындап келеді! Осы бір тамаша күн қарсаңында Абонементтер бөлімінде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі...» атты көрме-құттықтауы рәсімделді. Көрме адамзаттың әдемі жартысының өкілдері – әйелдерге арналған.
Көрмеде әдебиет пен тарихта көрініс тапқан әйелдердің бейнелері ұсынылған. А. Галиевтің «Томирис» кітабы, «Сүйінбике – ұлы дала аруы», «Фаина Раневская. Жизнь, рассказанная ею самой» басылымдары әртүрлі дәуірлердегі әйгілі әйелдердің өмірі мен шығармашылығындағы белгісіз беттерді ашады.
Көрмені тамашалауға шақырамыз.