5 наурызда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбымен «Ақ қауырсын» әдеби клубының Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған кезекті отырысы өтті. Клуб мүшелері мейірімділік пен сұлулықтың, даналық пен руханияттың символы болып табылатын ардақты аналар мен аяулы әйелдерге арналған терең ойлы, әсерлі шығармалар оқыды. Мерекелік кеште жүрекке жылы тиер, жанға жайлы ахуал орнады, жақсы тілектер айтылып, домбыра тартылды және әдемі әндер шырқалды.