Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Наурыз айының мерейгер жазушысы: Сергей Владимирович Михалков
13.03.2023

Михалков Сергей Владимирович – жазушы, ақын, драматург, мысалшы, Ресей Жазушылар одағының төрағасы, Кеңес Одағының екі әнұраны мен Ресей Федерациясының әнұраны мәтінінің авторы, РКФСР Жазушылар одағының төрағасы, саяси қайраткер.

Сергей Михалков 1913 жылы 13 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. Сергейден басқа отбасында тағы екі бала: Михаил және Александр тәрбиеленді. Сергей 9 жасында өлең жаза бастады. Оның шығармашылықпен жас кезінен айналыса бастауын ақын А. Безыменский жоғары бағалады. Содан кейін Сергей ата-анасымен бірге Ставрополь өлкесіне қоныс аударды. Осы жерде 1928 жылы Сергей Михалковтың алғашқы өлеңі жарық көрді.

Мектепті бітірген жас ақын елордаға оралды. Ол «Известия» газетінің штаттан тыс қызметкері болғанға дейін бірнеше жерде жұмыс істеді. Сол кездің өзінде оның өлеңдері елдің ең танымал газеттері мен журналдарында, мысалы, «Огонек», «Правда», «Комсомольская правда», «Известия» және т. б. басылды, алайда 1935 жылы «Дядя Степа» поэмасы шыққаннан кейін ол кеңінен танымал болды. Поэма шыққан жылы Сергей Михалков әдеби институтта оқуды бастады, ал 1937 жылы «КСРО Жазушылар одағының» мүшесі болды. 1939 жылы ол КСРО-ның ең жоғары марапаты – Ленин орденін алды.

Сергей Михалков шығармаларының танымал болғаны сонша, 2008 жылға қарай олардың жалпы таралымы 300 млн жетті.

2008 жылы әдебиет саласындағы орасан зор еңбегі үшін әулие апостол Андрей Первозванный орденімен марапатталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ