Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Қазақстандағы ең сүйікті мерекелердің бірі – көктемгі күн мен түннің теңелу күніне арналған «Наурыздың көркем көріністері» атты безендірілмелі кітап көрмесі ашылды.
Көрме оқырмандарды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады, ежелгі тұрмыстық заттар мен ұлттық киімдерді ұсынады. «Народные ремесла», «Традиционная культура казахов», «Қазақтың кесте өнері» кітаптары қазақ халқының зергерлік өнерімен, сәндік шығармашылығымен, қолөнерімен және кілем тоқуымен таныстырады.