23 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанмен «Бар ғаламның жанарымен көрем мен» атты шығармашылық кездесу өткізді.
Мұратхан Шоқан Қытай халық Республикасының Ақбелдеу ауылында дүниеге келген. Шыңжаң университетін «қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Ол туған ауылында, содан кейін әртүрлі мәдениет мекемелерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2001 жылы тарихи атамекені – Қазақстанға оралды. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық кітапханасында жұмыс істейді, «Жас қалам» әдеби бірлестігі жанындағы «Әдебиет әлемі» орталығына жетекшілік жасайды, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры болып табылады.