16 маусымда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Көкшетаудан келген оқушы қонақтарға экскурсия өткізді. Экскурсия – бұл қаланың ғана емес, облыстың да бас кітапханасымен танысу мүмкіндігі. Сирек кітаптар қорының кітап басылымдары, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі көрмесінің бірегей экспонаттары, өнер бөлімінің сурет галереясы, әмбебап оқу залының «Америка бұрышы» жарқын әсерлер мен ерекше эмоциялар қалдырды.
Кітапхана қонақтары ризашылықтарын білдіріп, тағы да қонақ болғысы келетіндерін жеткізді.
#balademalys2023