Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
26.06.2023

26 маусымда Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің және Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері № 4 және № 21 қалалық мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына экскурсиялар өткізді.

Балаларға оқырмандармен жұмыс істейтін кітапхананың барлық бөлімдерін көруге мүмкіндік берілді. Оқушылар кітапхананың облыстың басты ақпараттық-мәдени орталығы ретіндегі мүмкіндіктері туралы түсінік алды. Балалар көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде, сирек кітаптар мұражайында және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінде орналасқан ерекше кітаптарды көрді. 3D форматындағы суреттермен безендірілген басылымдар мен ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі әртүрлі өнертабыстарды ұсынған «Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейін» өнертабыстар мұражайы үлкен қызығушылық тудырды.

Экскурсия жиналыс залында өнер бөлімінің қызметкерлері дайындаған ойын бағдарламасымен аяқталды.

Экскурсия балаларға көптеген жағымды эмоциялар мен әдемі әсерлер сыйлады.

 #balademalys2023



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ