Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Биік парасат иесі»
26.09.2023

25 қыркүйекте «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Биік парасат иесі» әдеби кеші өтті.

Іс-шара қонақтары жазушының өмірі мен қызықты кездесулері жайындағы естеліктерімен бөлісті, шығармаларының шығармашылық ерекшеліктерін, оның кейіпкерлерінің келбеттерін, философиялық құндылығын атап өтті. Жазушының «Қонақтар» шығармасына егжей-тегжейлі тоқталды. Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы бойынша түсірілген көркем фильмнен үзінді көрсетілді.

І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры әртістерінің өнер көрсетуі кештің сәнін келтіре түсті, «Өтелмеген парыз» пьесасының бас кейіпкерінің монологы орындалды. Сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың назарын аударған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ