«Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі».
27.09.2023
27 қыркүйекте Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті.
Кітап көрмесінде ұлттық валютаның қалыптасуына, ақша қатынастары мен реформалардың дамуына, Қазақстанның қазіргі кездегі экономикалық дамуына арналған кітаптар ұсынылды.
Іс-шара қонақтарына Ұлттық банк ұсынған естелік және мерейтойлық монеталардың коллекциясы көрсетілді.
Іс-шарада Ұлттық банктің Қостанай филиалы директорының орынбасары Омарханова Жанна Төлегенқызы, бөлім бастығының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар жөніндегі орынбасары Жаулыбаев Нұрлан Әлімбайұлы, Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Құдайбергенова Гүлмира Қалиасқарқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жандаулетов Тобыл Тілегенұлы сөз сөйледі.
Іс-шараға ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, № 6697 ә/б әскери қызметшілері, қаланың білім беру мекемелерінің студенттері қатысты.
Жыл соңына дейін жұмыс істейтін кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану