Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мир нашими глазами» ҚБ өкілдерімен кездесу
02.10.2023

«Нашар көретін және зағип мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларына (оның ішінде Брайль қарпімен оқу мен жазуды үйрету), сондай-ақ цифрлық, қаржылық және құқықтық сауаттылыққа оқыту қызметтері» әлеуметтік жобасы аясында «Мир нашими глазами» ҚБ төрағасы Сұлтанғалиева Дана Бекболатқызы «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ-нің көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалының оқырмандары үшін семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар электронды құрылғылармен – ноутбуктермен, телефондармен, оқу машиналарымен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Заманауи байланыс құралдары – электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т. б. арқылы қарым-қатынас жасау бойынша білім алып, қажетті дағдылары игерді.

Зағип жандар әлеуметтенуге, қоғамға бейімделуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қаржылық және құқықтық сауаттылық туралы ақпарат алды.

#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ