Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әнім де сен, жырым да сен туған жер!»
16.10.2023
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы Республика күніне арналған «Әнім де сен, жырым да сен туған жер!» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеге Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы кітаптар қойылды. Бұл жерде сондай-ақ ел тәуелсіздігінің бастауында тұрған адамдар мен біздің заманымызда Қазақстанның дамуына тікелей атсалысып жүрген адамдар туралы басылымдар да бар.
«Хранители великой степи» суретті басылымында Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі, мемлекетіміздің аумағындағы тарихи үдерістердің даму барысы туралы материалдар жинақталған.
Евгений Дудканың «Казахстан: история успеха глазами мирового сообщества» кітабында жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстанның даму кезеңдерінің мәні ашылады.
Кітап көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ