«Среди нехоженых дорог – одна моя…»
24.11.2023
24 қараша күні Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында әдеби клуб аясында Хабаровск қаласынан келген музыкант, саяхатшы, жазушы, блогер Павел Бакановпен кездесу өтті. Павел Үндістаннан еліне оралып келе жатып, жолай біздің қалаға соқты. Ол жиналғандарға жаңа және ескі әндерден, ерекше фольклорлық нөмірлерден тұратын «Несчастная цивилизация» атты музыкалық бағдарламасын ұсынды, сонымен қатар әртүрлі жерлерге барғаннан және адамдармен қарым-қатынас жасағаннан алған әсерлері туралы айтып берді. Кездесу көрермендердің қызығушылығын тудырды, олар көптеген сұрақтар қойды, Павелге өзінің әңгімесі мен музыкалық шығармашылығы үшін алғыс айтты.