«Давай, простимся с ноябрем!»
29.11.2023
29 қарашада кітапхананың жиналыс залында «Встреча друзей» вокалдық тобының қатысуымен «Давай, простимся с ноябрем!» атты музыкалық кеш өтті.
Бағдарламада Шопеннің «Осенний вальсі», Чайковскийдің шығармалары орындалды, Пушкиннің «Унылая пора, очей очарованье», Шишковтың «Унылая пора» өлеңдері оқылды. Кеш қонақтары үшін музыкалық хордың әншісі Станислав Лемке «Неизбежность» әнімен өнер көрсетсе, Людмила Лукьянова «Осень» әнін орындады. Осылайша, «Встреча друзей» клубының қатысушылары поэтикалық және музыкалық шығармалармен күзді шығарып салды. Енді олар суық күндерін ала келер қысты күтеді…
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану