Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«ТМД елдері кітапханаларының этномәдениет саласындағы бірлескен жұмыстарының теориясы мен практикасы»
30.11.2023
2023 жылдың 30 қарашасында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК «ТМД елдері кітапханаларының этномәдениет саласындағы бірлескен жұмыстарының теориясы мен практикасы» (Орынбор және Челябі облыстарының кітапханаларымен бірлесіп) тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Семинарға Н. К. Крупская атындағы Орынбор ОӘҒК қызмет көрсету секторының меңгерушісі Косцова Екатерина Николаевна, Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Наталья Рудольфовна Соловьева, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Шевко Ирина Викторовна, Қостанай облысының облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларының басшылары, әдіскерлері, кітапханашылары және «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты.
Әріптестер ТМД кітапханалары үшін өзара этномәдени әрекеттестік саласында білім алмасу бойынша білім беру және ақпараттық платформа құрудағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Уақыт пен кеңістіктің шекараларын еңсере отырып семинар кітапханашыларға ақпарат алмасуға және адамдар тәжірибесінің шексіз байлығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Семинар кітапханалардың жемісті ынтымақтастығын одан әрі дамытуға серпін берді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ