Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Домбырасы ұрандаған»
01.12.2023
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға домбырашы, күйші-композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Төлеген Момбековтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Домбырасы ұрандаған» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.
Көрмеде композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылған. «Қазақ күйлерінің тарихы», «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы», «Ұлы даланың көне сарындары», «Күй керуені», «Толғау» кітаптарында Момбековтың отыздан астам шығармалары топтастырылған, оның орындауындағы бұрын жарық көрмеген термелер жарияланған.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/oKH8-SvS_Xw
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ