«Денсаулық – табыстың кепілі»
10.01.2024
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, жаман әдеттермен күресу жолдары жайындағы әдебиеттер қойылған «Денсаулық – табыстың кепілі» атты кітап көрмесін ұсынады.
А. Каррдың «Лёгкий способ бросить курить», И. Г. Ураковтың «Наркомания: Мифы и действительность», Г. Кульчитскийдің «Ваш ребёнок. Как уберечь от наркотиков» кітаптары жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді уақытында шешу, олардың алдын алу жолдарын табуға көмектеседі.
В. П. Малыйдың «ВИЧ/СПИД» кітабында қауіпті аурудың таралу жолдары мен алдын алу әдістері қарастырылған.
QR-коды арқылы қосымша ақпарат алуға болады. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін және толықтырылып отыратын болады.