«Біз адам саудасына қарсымыз»
02.02.2024
1 ақпан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қызметкерлер үшін «Біз адам саудасына қарсымыз» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Кездесуге келген Қостанай облысы ПД жедел уәкілі, полиция капитаны Қайрат Ғайсин адам саудасы жайында, құқық қорғау органдарының осы қылмыстардың алдын алудағы және оларды қудалаудағы рөлі туралы айтып берді.
Спикер тыңдаушыларды кез келген өмірлік жағдайларда, әсіресе жеке құжаттарға қатысты қырағылық, сақтық танытуға шақырды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану