Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Гитара үйренеміз»
12.02.2024
11 ақпанда бүкіл әлемнің музыка әуесқойлары мен музыканттарын біріктіретін мереке – Гитара күні атап өтіледі.
Осы мерекеге орай кітапхананың жиналыс залында музыкант, авторлық әндерді орындаушы Наталья Закора гитарада ойнауды үйрету бойынша «Гитара үйренеміз» атты шеберлік сыныбын өткізді. Балалар тәлімгердің көмегімен гитарада ойнаудың негіздерін меңгеріп, музыкалық шығармаларды тыңдауды және орындауды үйренді.
Сондай-ақ іс-шара аясында Өнер туралы әдебиеттер бөлімі мамандандырылған әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды, онда музыкалық сауаттылық негіздері бар гитарада ойнауды үйрететін оқулықтар мен ноталық басылымдар қойылды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ