Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тарих пен таным тамыршысы»
21.02.2024
21 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК «Жастар сарайында» қазақстандық танымал ағартушы, шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен «Тарих пен таным тамыршысы» атты кездесу өткізді.
Іс-шара қонақтарының қатарында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, облыстық мәдениет мекемелері мен ұйымдарының, қала мен облыстың шығармашыл зиялы қауымының өкілдері, қала мектептерінің мұғалімдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері болды.
Кездесудің басты оқиғасы Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды. Тұсаукесер кітап көрмесімен және автордың сөз сөйлеуімен толықты. Қатысушылар оның ойларымен, идеяларымен, қоғамдық ұстанымымен танысуға мүмкіндік алды. Жазушылық талант, таныс нәрселерге терең философиялық көзқарас және Санжар Керімбайдың бай өмірлік тәжірибесі көрермендерді баурап алды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ