Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Третий глаз»
22.02.2024
22 ақпанда кітапхананың бірінші қабатының фойесінде қостанайлық суретшілер Сергей Луговой мен Сергей Ли жұмыстарының «Третий глаз» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл шағын экспозицияны авторлардың өздері осылай атады.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сергей Луговой – түрлі жанрда жұмыс істейтін суретші, ол көптеген жылдар бойы өз көрермендерін қандай да бір тақырыпқа қатысты жаңа көзқарасымен таң қалдырып келеді. Көрмеде Сергей Луговой кескіндеме және графикалық жұмыстарын ұсынды.
Сергей Ли – музыкант, суретші, жан-жақты, түрлі нәрсеге құштар адам. Суретші өз ойлары мен эмоцияларын пиктография түрінде, цифрлық графика техникасында ұсынды.
Көрменің ашылуына оқу орындарының педагогтары мен студенттері, сондай-ақ белгілі суретшілер – Г. М. Соков, Н.В. Торшин, О. В. Кусков, В. Быков, Н. В. Гончаров және басқалар қатысты.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ