8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бұл – шуағын төккен күн сәулесі жаныңды жадырататын, құшақ-құшақ әдемі гүлдер көңіліңді көтеретін, айналаның бәрінен нәзіктік сезілетін ерекше мереке.
Көктемнің осы бір алғашқы мерекесіне арнап «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бәрінен де сен сұлу» атты әдеби қонақжай өткізді. Іс-шара барысында құттықтаулар мен әндер айтылды, қонақтар көктемгі мерекеге арналған «Көктем мерекесі» викторинасының сұрақтарына жарыса жауап берді. Іс-шара мерекелік шай ішумен аяқталды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану