Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Наурыз мейрамы – баршаға ортақ мереке»
11.03.2024
Абонементтер бөлімінде ең көне мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурыз мейрамы – баршаға ортақ мереке» көрме-құттықтауы дайындалды. Көрмеде оқырмандар Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлері туралы әңгімелейтін әдебиеттермен: «Наурызнама», «Ұлттық салт-дәстүрлер», Корябкина О. «Казахстан, цвети и пой. Наурыз», «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары» басылымдарымен және т.б. танысады.
Көрмені Наурыз мерекесі туралы қазақ әдебиеті классиктерінің өлеңдері мен шығармалары жинақталған «Қош келдің, Наурыз!» басылымы толықтырады. Қазақстанның ұлттық тағамдарының алуан түрлілігі мен ерекшеліктерін көрсететін «Национальная кухня казахов», Сегизбайулы К. «Казахская национальная кухня», «Қазақтың ұлттық тағамдары. Национальная кухня казахов» кітаптары да назар аударады.
Көрме 2024 жылдың 11 наурызынан 28 наурызына дейін жұмыс істейді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ