Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Наурыздың алғашқы хабаршысы – Көрісу күні»
14.03.2024
14 наурызда Абонементтер бөлімі кітапхана оқырмандары үшін «Наурыздың алғашқы хабаршысы – Көрісу күні» атты мерекелік бағдарлама өткізді.
Мерекелік бағдарламаға ақын, публицист, ыбырайтанушы Серікбай Оспанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы, мектеп және колледж оқушылары қатысты.
Іс-шарада Наурызға арналған музыкалық композициялар орындалады. Қонақтар Наурыз мейрамын мерекелеудің маңыздылығы, этносаралық қатынастар мәдениеті туралы айтып берді. Бағдарлама барысында «көрісу» салт-дәстүрінің қалай өтетіні көрсетілді. Салттың көрсетілімі күйлермен және домбырамен айтылған әндермен сүйемелденді. Мерекелік кеш соңында Серікбай Оспанұлы бата берді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ