Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Талантына талайлар тәнті болған»
25.04.2024
Әмбебап оқу залында майдангер ақын, педагог, жазушы, елін сүйген азамат Тәшібай Әлмұхамбетовқа арналған тақырыптық сөре безендірілді. Жауынгер ақын 1942 жылы соғысқа аттанып, небары 33 жасында майданда ерлікпен қаза тапты.
Оның алғашқы өлеңдері, әңгімелері мен очерктері «Қызыл кенші» (Жезқазған), «Екпінді» (Семей), «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында жарияланып тұрды.
Оның «Отан», «Отан үшін», «Қарағай», «Жігітті мақтап не керек» өлеңдері сарбаздар арасында кеңінен танымал болды.
Көрмеде Тәшібай Әлмұхамбетовтың әдеби шығармашылығы, оның ерлікке толы майдандағы өмірі туралы әдебиеттер ұсынылған.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ