«Жеңімпаздар жадымызда»
03.05.2024
Соғыс жылдарындағы әндер тарихи жадыны сақтауды жалғастырып келеді және халқымыздың ұлы ерлігін ұмытпауға мүмкіндік береді. Соғыс жылдарындағы әндер жадымызда жүрген, олар әр кез айтылып жүрген кезде біз ұлы халық болып қала бермекпіз.
3 мамырда кітапхананың жиналыс залында «Жеңімпаздар жадымызда» атты караоке-концерт өтті. Сахнада «Встреча друзей» музыкалық клубының хоры, әншілер Людмила Шишкова мен Татьяна Жарко жорық жырларын шырқады. «Смуглянка», «Катюша», «Синий платочек», «Пора в путь дорогу», «На безымянной высоте», «Алёша» және т. б. айтылды, ал кездесу соңында осы күннің әнұранына айналған «День Победы» әні орындалды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану