Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ерлігің мәңгі есімде»
06.05.2024
6 мамырда Абонементтер бөлімі А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әскери кафедрасының студенттері үшін Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов пен Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбайұлы Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлігің мәңгі есімде» атты тарихи сағат өткізді.
Іс-шара қонағы – А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жандаулетов Тобыл Тілегенұлы мерейтой иелерінің өмірінен және олардың еңбек ету барысында орын алған елеулі оқиғалар туралы деректер келтірді. Іс-шара барысында Р.Қошқарбаевпен болған бейнесұхбат, Ұлы Отан соғысы туралы деректі хроника, танымал адамдардың Сағадат Қожахметұлы туралы естеліктерінің бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ іс-шарада кітаптардың таныстырылымы ұсынылды.
Іс-шара соңында қазақстандық батырлар туралы өлеңдер оқылды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ