Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Болашақ және жастар: үміттер, тілектер, армандар»
23.05.2024
23 мамырда Абонементтер бөлімі ТМД елдеріндегі Волонтерлік қозғалыс жылы аясында «Болашақ және жастар: үміттер, тілектер, армандар» атты пікірталас кешін өткізді.
Іс-шараның басты қонақтары Қостанай қаласының «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Серікбаева Альбина Қайырбекқызы және «Жастар ресурстық орталығының» ҚБ белсендісі Әнуарбек Нұрғали Серікжанұлы болды.
Кездесу барысында қонақтар ТМД-дағы еріктілер қозғалысы туралы, сондай-ақ танымалдығы күн сайын артып келе жатқан Қазақстан мен Қостанай облысындағы еріктілер қозғалысы туралы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының түрлі жобалары туралы айтып берді. Іс-шарада Қазақстанның волонтерлік қозғалысы, волонтерлердің жұмысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ