Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сыйға тартылған кітаптар
13.06.2024
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы А. А. Әбсадық кітапханаға «Абылай хан және іргелес мемлекеттер мен халықтар» кітабын сыйға тартты.
Ұжымдық монографияда Ресей, Қытай мұрағаттарынан табылған жаңа құжаттар мен тарихи деректер негізінде көрші мемлекеттермен және халықтармен арадағы (XVIII ғасырдың 30-шы – 80-ші жылдарының басы) дипломатиялық қатынастар қарастырылады.
Бұл монографияда Абылай ханның патшалық Ресеймен, Цин империясымен, сондай-ақ Жоңғар хандығымен және Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, Орта Азия халықтарымен саяси-әлеуметтік қатынастары зерттелген. Сонымен қатар XVIII ғасырға жататын қазақ фольклорында суреттелген Абылай ханның сыртқы саясаты көрсетілген.
Алмасбек Ахметұлына ризашылығымызды білдіреміз және кітапхана қорынан лайықты орын алатын кітапты сыйға тартқаны үшін алғыс айтамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ