Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітапхана ісін дамыту жөніндегі жиналыс
31.07.2024
31 шілдеде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде кітапхана ісін дамыту жөніндегі жиналыс өтті.
Жиналысқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Бейбітұлы Абдрахманов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Абылай Наурызбайұлы Омаров, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Ирканқызы Әзімжанова, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс бойынша бөлім басшысы Ирина Викторовна Шевко, Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК, Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК және Қостанай қ. ОКЖ қызметкерлері қатысты.
Жиналыста облыс халқы арасында, ең алдымен жастар арасында оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін тәрбиелеу, кітапханаларды жаңғырту және олардың жұмысын жетілдіру мәселелері көтерілді және жан-жақты талқыланды. Мұхаметқали Ринат Закиұлы атап өткендей: «Жастар кітап оқымайды деген стереотип қалыптасты. Бұл стереотипті бұзу керек. Бұл үшін оқуды қолдау бойынша кешенді жұмыстар жасалуы қажет».
Өз кезегінде Безаубекова Сания Серікқызы өз баяндамасында Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК жұмысы туралы, оның ішінде жаңа оқырмандарды тарту, облыс тұрғындары арасында оқуды насихаттау туралы айтты. Кітапханада осы бағытта өткізілген көптеген акцияларға, соның ішінде жақында өткен «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауына ерекше назар аударды.
Мүдделі және жан-жақты талқылау нәтижелері бойынша кітап оқуды ілгерілету бойынша және кітапхана жұмысын жаңғыртудың нақты жолдары мен шаралары айқындалды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ