«Ауыл кітапханаларына арналған 100 кітап» акциясы
22.08.2024
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап оқу мәселесіне ерекше назар аударды. «Шын мәнінде, тек кітап оқитын ұлт қана нағыз парасатты ел бола алады. Біз өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуымыз керек»,- деді Президент өз сөзінде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ауыл кітапханаларына арналған 100 кітап» акциясын іске қосты.
Акцияның мақсаты – ең жаңа кітаптарды шалғайдағы ауыл кітапханаларына жеткізу және өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Бүгін біздің облыс та осы акция бойынша бөлінген кітаптарды алды. Кітаптар ауылдық кітапханаларға таратылатын болады.