Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
18.09.2024
18 қыркүйекте Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының «"Жастық" бастауыш мектебі» ЖМ оқушыларына экскурсия өткізді.
Кітапханаға келген балалар кітапханада кітап оқып қана қоймай, музыка тыңдап, фильмдер көруге болатынын, шетел тілдерін үйреніп, үстел ойындарын ойнауға болатынын білді.
Балалар кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерін аралап, сирек кітаптар мұражайы экспонаттарының коллекцияларын қызығушылықпен тамашалады, өнер туралы әдебиеттер бөлімінде музыкалық әдебиеттермен және жас суретшілерге арналған кітаптармен танысты.
Экскурсия соңында балалар кітапты пайдалану ережелерін еске түсірді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@zhastyk_kst

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ