Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біз басқамыз, бірақ біз теңбіз»
18.09.2024
Әмбебап оқу залы «Includo» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Біз басқамыз, бірақ біз теңбіз» атты кездесу-сұхбат өткізді.
Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының тыңдаушылары қатысты. Тыңдаушылар болашақта ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту үшін қажетті заманауи техникамен және материалдармен жабдықталған кабинеттермен және зертханалармен танысты. Экскурсияны А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының Педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Әліпбаева Гүлжан Ағыбайқызы және Бегежанова Райхан Қарымжанқызы жүргізді. Іс-шараға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру саласындағы инклюзивті тәжірибелерді талқылады, инклюзия тақырыбы бойынша тәжірибе және ақпарат алмасты.
Іс-шара қонақтарының назарына «Біз басқамыз, бірақ біз теңбіз» атты кітап көрмесі және тақырыптық бейнеролик ұсынылды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@baitursynuly_university
@ sultangazin_institute
@kstorley

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ