Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Алашқа адал болған қайраткер»
18.09.2024
18 қыркүйекте Әмбебап оқу залы А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нде Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожанұлы Қожановтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Алашқа адал болған қайраткер» атты еске алу кешін өткізді.
Кешті жүргізушілер тыңдаушыларды С. Қожановтың өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Еске алу кеші мемлекет қайраткеріне арналған бейнефильмнің үзінділерін көрсетумен сүйемелденді, оның құрметіне өлеңдер оқылды.
Қонақтардың назарына кітап көрмесі ұсынылып, онда Сұлтанбек Қожановтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі және азаматтық ерлігі жайындағы басылымдар қойылды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@baitursynuly_university

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ