Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ауыл кітапханаларына арналған 100 кітап» республикалық акциясы
20.09.2024
Қазақстанда «Ауыл кітапханаларына арналған 100 кітап» акциясы жалғасуда. «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Президенттің тапсырмасы бойынша Федоров ауданының Успенов ауылдық кітапханасы үшін Воронеж ауылдық округінің әкімі Н. Ж. Жұпарға және Қостанай ауданының Айсары ауылдық кітапханасы үшін Айсары ауылдық округінің әкімі Б. Е. Нұрғазинге кітаптарды табыс етті.
Сонымен қатар кітап жинақтары Арқалық қ. ОКЖ Ашутасты ауылдық кітапханасына, Меңдіқара ОКЖ Қарақоға ауылдық кітапханасына, Науырзым ОКЖ Шилі ауылдық кітапханасына, Жангелдин ОКЖ Ақкөл және Көлкамыс ауылдық кітапханаларына, Амангелді ОКЖ Ағаштыкөл және Есір ауылдық кітапханаларына жеткізілді.
Кітаптар жиынтығына қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары, қазіргі кездің прозасы мен поэзиясы, тарихи, ғылыми-танымдық басылымдар, оқу және балалар әдебиеті кіреді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ