Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
30.09.2024
Күзгі күнтізбеде жүректерді ризашылық сезімге толтыратын, біреуге ризашылығыңды білдіргің келетін, адамдарға ерекше кұрмет көрсетіп, көңіл бөлгің келетін ерекше күн бар – бұл аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілетін күн.
Осы күні қалыптасқан дәстүр бойынша Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу өтті.
Кітапхана басшысы Безаубекова Сания Серікқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, саладағы көп жылғы қызметтері үшін алғысын білдірді. Салтанатты жағдайда биылғы мерейтой иелеріне гүлдер мен естелік сыйлықтар табысталды.
Облыстық филармония әншілері мен қаланың би студияларының қатысуымен өткен керемет концерт қатысушылардың барлығына естен кетпес мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кездесу иісі бұрқыраған шай мен түрлі дәм қойылған бай дастарқан басында жалғасты. Үйде пісірілген тағамдардың хош иісі мерекелік ахуалды, қарттарға деген қамқорлық пен шынайы көңілді арттыра түсті. Кездесу барысында залда достық, жанға жайлы ахуал орнады. Жиналғандар ұжымда еңбек еткен кезінде орын алған қызықты оқиғаларды еске алысты және жай ғана бір-бірімен әңгіме-дүкен құрды.
Мерекені өткізуге қатысқандардың барлығына музыкалық сүйемелдеу және материалдық қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараның демеушілеріне алғыс айтамыз:

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ