Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отан соғысының батыры»
01.10.2024
Әмбебап оқу залы Қазақстанның халық батыры Рақымжан Қошқарбайұлы Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Отан соғысының батыры» көрме-портретін дайындады.
Қазақстандықтар өздерінің аты аңызға айналған жерлестерін құрметтейді және оның ұлы ерлігін ешқашан ұмытпайды. Мектептерге, қалалардың көшелеріне аты берілген батырдың есімі елінің есінде мәңгі сақталады, оның құрметіне ескерткіш тақталар, ескерткіштер мен бюсттер орнатылған. Көрмеде батырдың ерліктері туралы кітаптар мен мақалалар ұсынылған.
Сипатталған оқиғалардың тікелей қатысушысы болған Р. Қошқарбаевтың кітабы Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңі – Берлин үшін болған шайқас туралы баяндайды. Әңгіменің өзегі Рейхстагқа шабуылды сипаттау болып табылады. Кітап кез келген жастағы оқырманның қызығушылығын тудырады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ