Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»
01.10.2024
Әмбебап оқу залында Қарттар күніне арналған «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» көрме-қарауы ұйымдастырылды.
Адам бала кезінен аға буынның айтқанын естіп, істегенін көріп жүріп халықтың дәстүрлері мен даналығын бойына сіңіреді. Біз аға буын өкілдерінің қолымен істелген дүниелерді ешқашан ұмытпаймыз.
Көрмеде қ. Әлпейісовтың «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп…» және «Воспитание внуков» кітаптары ұсынылған, онда отбасылық құндылықтар, жас ұрпақты тәрбиелеу, адалдық, парыз сезімі, жауапкершілік туралы айтылады. Үлкендерге қамқорлық жасау адамның бойындағы сүйіспеншілік, ризашылық, мейірімділік пен адалдық секілді қасиеттерді қалыптастырады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ