Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әдеби портрет: Фридрих фон Шиллер»
07.10.2024
Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар мұражайының қоры назарларыңызға неміс әдебиетінің және әлемдік әдебиеттің классигі, философ Иоганн Кристоф Фридрих Шиллердің 265 жылдығына арналған «Әдеби портрет: Фридрих фон Шиллер» көрме-портретін ұсынады.
Ол әдебиет тарихына гуманизмді жақтаушылардың көрнекті өкілдерінің бірі ретінде енді. Фридрих Шиллердің шығармашылығы мен философиясы үш ғасырдан бері адамдардың ақылы мен сезімдеріне әсер етуін жалғастырып келеді.
Кітап көрмесінде неміс әдебиеті классигінің әдеби сыны, өмірбаяны және шығармашылығы жайындағы басылымдар, өмір бойы жақсылық пен әділеттілік мұраттарына ұмтылған жазушының өзіндік ерекшелігі ашылатын Фридрих Шиллердің философиялық және көркем шығармалары қойылған.
Көрме кітапхананың екінші қабатындағы фойеде екі ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ