Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
15.10.2024
15 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының тыңдаушыларына арналған шолу экскурсия өтті.
Кітапхана қызметкерлері оның құрылымы, кітап қорын пайдалану ережелері және қолжетімді электрондық ресурстар туралы айтып берді. Қатысушылар анықтамалық-іздестіру аппаратымен, еліміздің мерейтойлық күндеріне орайластырылған көрмелермен, сондай-ақ сирек кітаптар мұражайындағы, «Абай бұрышындағы» және «Америка бұрышы» АРО бірегей коллекцияларымен танысты.
Абонементтер бөлімінде келушілерді жаңадан түскен басылымдар, қазақ тіліндегі салалық әдебиеттер, сондай-ақ педагогика және балалар әдебиеті бойынша кітаптар қызықтырды. Жазушы Мақан Жұмағұловтың жүз жылдығына арналған «Ғасырлар сырын ұрпақтарға жеткізген» атты кітап көрмесі ерекше назар аударды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@kstorley

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ