«Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру»
20.11.2024
20 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімі «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру» тақырыбында онлайн нысанда сұхбат алаңын өткізді.
Сұхбат алаңына Қостанай облысының көпшілік кітапханаларының кітапханашылары, А. П. Чехов атындағы Краснодар өлкелік зағиптарға арналған арнайы кітапханасының (Краснодар қ., РФ), Челябі облыстық нашар көретіндер мен зағиптарға арналған арнайы кітапханасының (Челябі қ., РФ), С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының (Павлодар қ., ҚР) және «"Үміт-Надежда" тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ өкілдері қатысты.
Іс-шарада қазіргі кездегі кітапханалық қызмет көрсету мен инклюзивті мәдениеттің өзекті мәселелері, кітапханалар жұмысындағы инновациялық тәсілдер, сондай-ақ инклюзивті ортаны қалыптастырудағы кітапханашының рөлі талқыланды. Сұхбат алаңы тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау және кәсіби байланыстар орнату үшін тамаша мүмкіндік болды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану