«Инклюзивті білім: тәжірибе, мәселе, шешім»
20.11.2024
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасы» КММ әмбебап оқу залының кітапханашылары «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК қабырғасында «Инклюзивті білім: тәжірибе, мәселе, шешім» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту тақырыбына арналды. Іс-шарада «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері А. А. Мұқашева сөз сөйледі.
Студенттер спикердің сөзін қызығушылықпен тыңдап, тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді және сұрақтар қойды.
Кездесу «Инклюзивті білім: тәжірибе, мәселе, шешім» атты кітап көрмесімен және тақырыптық бейнероликпен сүйемелденді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@kpk1love_inst