Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында психолог Татьяна Щербининамен кездесу өтті. Әңгіме барысында Татьяна адамгершілік пен парасаттылық идеяларын қалыптастыру, бұған отбасындағы психологиялық ахуалдың рөлі, жеке тұлға мен тұтастай қоғам үшін адамгершілік ұғымдар мен бағдарлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қозғады.
Бұл кездесу «Парасат жолы» жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған жемісті жұмысын одан әрі жалғастыратын болады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://youtu.be/UwGXl09heZ8